RU
Толық нұсқаға өту

Қостанайда жүк көліктерінің өндірісі артады

12.05.2026, 20:12 35

Қостанайда жүк тасуға арналған фургон шығаратын «Tehnopark kz» кәсіпорыны тұтынушыларға жаңа өнім түрін ұсынбақ. 

Соның бірі – күш құрылымдарына арналған және медициналық арнайы көліктердің жаңа нұсқасы. Сонымен қатар құрастыру барысында тапсырыс берушінің талап-тілегін де ескеруге дайын.

Жүк тасуға арналған көліктердің жабық қорабы осы «Tehnopark kz» цехында дайындалады. Фургонды жобалаудан бастап, құрастырып шығарғанға дейінгі аралықта 6-7 өндіріс алаңынан өтеді.

Дархан Қанафин, «Tehnopark kz» ЖШС инженер-технологы:

- Біздің өндірістің ерекшелігі – толық өндірістік циклдің болуы. Барлық процесстер конструкторлық бөлімнен шығады. Одан кейін дайындау, құрастыру және сапаны бақылау, дайындау өнімдерді шығару жүзеге асырылады.

Кәсіпорын жабық фругондарды тапсырыс берушінің сұранысына сай тоңазытқышпен де жабдықтай алады. Өндірісті толық жергіліктендіру бағытында да мұнда жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі кезде фургон құрастыруға қажетті материалдардың жартысы өзімізде өндіріледі.

Игорь Федорович, «Tehnopark kz» ЖШС өндіріс жөніндегі директоры:

- Мысалы, біз қолданатын метал, басқа да қажетті бұйымдар отандық өнімдер. Болашақта өз өндірісімізді дамыту арқылы, жергілікті құрам бөлігінің үлесін, локализация деңгейін одан да көбейтуді көздеп отырмыз.

Сондай-ақ «Tehnopark kz» кәсіпорыны арнайы көліктерді жабдықтаумен айналысады. Қызмет машиналарының барынша ыңғайлы, жайлы болуына аса мән береді.

Игорь Федорович, «Tehnopark kz» ЖШС өндіріс жөніндегі директоры:

- Біз үнемі жаңа өнім түрлерін еңгізіп, технологиялық жағынан дамытып отырамыз. Қазір біз күш құрылымдарын кеңірек қамтуды жоспарлап отырмыз. Өзіміздің дайындаған әзірлемеміз бар. Тұтқындарды тасымалдайтын және медициналық арнайы көліктердің жаңа түрлерін шығарсақ дейміз.

«Tehnopark kz» серіктестігінің цехында былтыр коммерциялық, арнайы көліктердің 800-ден астам жабдығы құрастырылып, шығарылған. Биыл мыңға жеткіземіз деп отыр. 

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz