RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да орманға кіруге шектеу қойылды

13.05.2026, 08:20 35

Орманда бейсауат адам жүрмеуге тиіс. Шығыс Қазақстан облысы жасыл аймаққа кіруге уақытша шектеу қойды.

Қазірдің өзінде Риддер қаласы маңындағы орман алқаптарында осындай талап бар. Өйткені өңірде кейінгі екі апта бойы күн күрт ысып, от тұтану қаупі артқан. Орманшылар қазір күн суытқанымен, алдағы күндері ыстық қайта келетінін айтады. Орманға кіруді шектеу, енді өңірде Риддерден өзге аумақтарда да қолға алынуы ықтималы. Себебін жаңа айттық, өрттен қоғану. Ал заң талабын бұзып, орман ішінде от жаққан адамдар 43 мың теңгеден аса айыппұл төлейді. 

Ердос Үмітов, ШҚО Орман шаруашылығы  және жануарлар дүниесі Аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

- Жазғы ыстықта демалуға шыққан тұрғындар  қауіпсіздікке аса мән  бермейді. Ұнаған жерде алау жағады. Оны соңына дейін сөндірмей кетіп қалады. Дәл осы салғырттық салдарынан орман отқа орануы мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz