Атырауда биыл егін шаруашылығын қолдауға қомақты қаржы бөлінді.
Жергілікті бюджеттен қаралған 1 миллиардтан аса теңгенің 637 миллионы тыңайтқыш сатып алуға, тұқым шаруашылығын дамытуға және зиянкестерден келген шығынды өтеуге жұмсалады. Климаты қатаң өңірде егіс алқаптарының барлығы дерлік суармалы жүйеге тәуелді. Осыған байланысты кейінгі он жылда су үнемдеу технологияларын енгізу қарқын алған. Биыл Жайық өзені бойындағы Индер, Махамбет аудандары және Атырау маңындағы 300-ден аса шаруашылық 10 мың гектардан аса алқапта тамшылатып суару тәсілін қолданбақ. Мамандардың айтуынша, бұл әдіс суды айтарлықтай үнемдеп, өнім көлемін арттырады. Ал шаруалардың шығынын азайту үшін мемлекет су үнемдеу технологиясына жұмсалған қаражаттың 80 пайызын субсидия арқылы өтеп береді.
Азат Қапанов, облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:
- Су үнемдеу технологиясы, яғни жаңбырлатқыш құрылғылар, тамшылатып суаруды субсидиялау бойынша қосымша 525 млн қаражат бөлінді. Жалпы айта келгенде, егін шаруашылығын дамыту мақсатында 1 млрд 161 млн қаражат бөлінді. Жалпы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мемлекет тарапынан қолдау көрестілуде.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Атырау #егін шаруашылығы #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz