Мәжіліс бірінші оқылымда Телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері дөніндегі түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды «24KZ».
Заң жобасы байланыс инфрақұрылымын дамытуға, перспективалы телекоммуникациялық технологияларды енгізуге және халықты жоғары жылдамдықты интернетпен, сапалы әрі қолжетімді байланыс қызметтерімен қамтамасыз етуге бағытталған. Құжат байланыс құрылыстарын, атап айтқанда антенналық діңгекті құрылыстар мен тіректер салу үшін жер телімдерін беру тәртібін жеңілдетеді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда белгіленген тәртіппен байланыс желілерін салуға рұқсат етіледі. Ал әкімдіктерге байланыс объектілерін, оның ішінде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу үшін электрмен жабдықталған орындарды ұсыну құзыреттері беріледі.
Бұған қоса, «Заттар интернеті» және «Тіркеп-белгіленген сымсыз абоненттік қолжетімділік» сияқты жаңа терминдер мен анықтамаларды енгізу көзделеді. Жекелеген нормалар спутник байланысын дамытуға, геостационарлық емес спутниктерді пайдалану шарттарын жаңартуға және Қазақстанның бірыңғай телекоммуникация желісіне кіретін заттар интернеті желілерінің қызметін реттеуге бағытталған.
Сонымен қатар, деректер орталықтарының критерийлері жаңартылуда. Атап айтқанда, жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті органды құрылыстың басталғаны және деректерді өңдеу орталықтарының пайдалануға берілгені туралы хабардар ету міндеті енгізіледі.
Сондай-ақ eGov, e-Otinish және тағы басқа мемлекеттік қызметтерге тарифсіз қолжетімділік енгізіледі.
Тегтер #мәжіліс #байланыс операторы #заң жобасы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz