Бүгін Парламент Мәжілісінде «Телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды «24KZ».
Жаңа заң жобасы аясында әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік цифрлық сервистерге трафик есептелмейтін, яғни тегін қолжетімділік енгізу жоспарланып отыр. Бұл норма азаматтарға байланыс балансында қаражат болмаған жағдайда да негізгі мемлекеттік қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, eGov, e-Otinish, сондай-ақ ұлттық Aitu мессенджері сияқты маңызды платформаларға қолжетімділік тарифсіз болады. Бұл қадам мемлекеттік қызметтерді халық үшін одан әрі қолжетімді етіп, цифрлық сервистерді кеңінен пайдалануға жол ашады.
Тегтер #Egov #eOtinish #заң жобасы #мәжіліс #24жаңалықтар #24KZ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz