Ақмола облысында синтетикалық есірткінің ірі партиясымен шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды «24KZ».
Полицияның мәліметінше, шетелдік азаматты тінту барысында 120 түйіншек тәркіленді. Есірткінің жалпы салмағы 240 грамнан асқан
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті аса ірі көлемдегі тыйым салынған заттарды Көкшетау қаласына жеткізіп, кейін оларды өзге елді мекендерге тасымалдауы тиіс болған.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тегтер #Ақмола облысы #есірткі #шетел азаматы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz