Шығыс Қазақстан облысында жалған шот-фактураларға қатысты схема әшкереленді, деп хабарлайды «24KZ».
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, іс бойынша бірнеше адам, соның ішінде мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері тергеліп жатыр.
2023 жылдың маусым-қыркүйек аралығында күдіктілер азаматтық-құқықтық келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындамау үшін, ауыр техникаға арналған қосалқы бөлшектер жеткізілгені туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды жүйелі түрде рәсімдеп отырған.
Бұл құжаттар арқылы олардың серіктестері корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын қоса алғанда, салық төлеуден заңсыз жалтарған. Аталған заңсыз схемаға Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері де қатысқан. Ол салықтық бақылаудан кедергісіз өту үшін қажетті жалған құжаттарды рәсімдеуге көмектескен.
Қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражаттың жалпы көлемі 356 миллион теңге болды. Мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 91 миллион теңгеден аса ірі залал келтірілген.
Сот санкциясымен күдіктілердің 3 пәтері мен бір автокөлігіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Тегтер #Шығыс Қазақстан облысы #қылмыс #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz