RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда үш жаңа мемлекеттік награда енгізіледі

14.05.2026, 13:13 45

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар пайда болады. Ендігі жерде таңдаулы деп танылған тұлғаларға «Al-Farabi», «Qoja Ahmet Yasaui» және «Мейірім» ордендері беріледі. 

Оның да өзіндік талап-ережесі бар. Мәселен, «Al-Farabi» ордені білім мен ғылым, мәдениет және рухани өмір салаларында Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбегі мен елеулі жетістіктері бар азаматтарға табысталады. Ал «Qoja Ahmet Yasaui» ордені елдің дамуына қоғамдық-саяси, әлеуметтік-гуманитарлық салалардың өркендеуіне айрықша үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдарға, қоғам қайраткерлеріне лайықталған. Қайырымдылық жасап, жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытқан жомарт жандар «Мейірім» орденін кеудесіне тағады. Бастамаға негізделген заң жобасын Сенат мақұлдады.

Айгүл Қапбарова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Заң Президент тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік наградалар жүйесін қазіргі қоғамдық сұраныстарға, ұлттық құндылықтарға және мемлекеттің ұзақ мерзімді даму басым бағыттарына бейімдей отырып, мазмұндық тұрғыдан жаңғырту. Заңдағы басты жаңалық – ордендер тізбесінің жаңа мазмұндағы наградалармен толықтырылуы. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz