Астанада 16-17 мамыр күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды «24KZ».
Елорда әкімдігінің мәліметінше, жәрмеңкеде еліміздің әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс, жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосап, джем және басқа да азық-түлікті тиімді бағамен сатып ала алады.
Жәрмеңке 16-17 мамыр күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығының аумағында өтеді.
Жәрмеңке өтетін орынға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус бағыттары қатынайды.
Тегтер #жәрменке #Астана #24жаңалықтар #демалыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz