RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Лицензиясын алып қояды: Қарағанды облысында жергілікті жолдарды бүлдірген компаниялардың аты аталды

14.05.2026, 15:49 42

Қарағанды облысында жергілікті жолдарды ауыр жүк көліктерімен бүлдіріп жүрген жер қойнауын пайдаланушы компанияларға қатаң ескерту жасалды, деп хабарлайды «24KZ».

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жолдардағы салмақ шектеулерін сақтау мәселесі бүгінде аса өзекті болып отырғанын атап өтті.

Әсіресе бұл мәселе жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты болып тұр. Карьерлерден шамадан тыс жүктеліп шығатын ауыр жүк көліктері жол жамылғысын жүйелі түрде қиратып, облыстық бюджетке тікелей экономикалық шығын келтіруде әрі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Сондықтан бұл салада қатаң әрі ашық тәртіп орнатуымыз қажет, – деді өңір басшысы.

Тиісті алаптарды бұзған жеті компания белгілі болды. Олар: «Тегиз Жол», GMK KZ, СП «Сине Мидас Строй», «МАТ-Сарыарка», «КамКар», «Atlant 2020» және ҒИМАРАТ-М.
Жер қойнауын пайдаланушыларға анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін уақыт берілді. Осы мерзім аяқталғаннан кейін тиісті шаралар қабылданады.

Облыста кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын шамамен 60 субъект бар. Тексеру барысында карьерлердің басым бөлігінде таразы жабдықтарының мүлде орнатылмағаны анықталған. Бұл барлық карьерлердің шамамен 75 пайызы.

Қазір жер қойнауын пайдаланушылардың лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізуде. Оның аясында салмақ шектеулерін сақтау мәселесіндегі жауапкершілік те ескеріледі. Бүгінде лицензиялық-келісімшарттық талаптарды бұзған тоғыз жер қойнауын пайдаланушыға хабарлама жолданды. Атап айтқанда, олар жою қорын қамтамасыз етпеген және есеп тапсырмаған. Айта кету керек, олардың жетеуінде таразы жабдықтары мүлде жоқ. Осыған байланысты келісімшарттарды бұзу және лицензияларды кері қайтарып алу мәселесі қарастырылып жатыр, – деді Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Асқар Ғазалиев. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz