RU
Толық нұсқаға өту

Қоқыс қалдықтарын өңдейтін мамандар даярланады

14.05.2026, 16:30 44

Қазақстанда қоқыс қалдықтарын халықаралық стандарттар бойынша өңдейтін мамандар даярланады.

Астаданағы Сейфуллин атындағы агротехникалық университетінде халықаралық ғылыми-оқыту зертханасы ашылды. Түрік ынтымақтастық және серіктестік агенттігімен бірлесе жүзеге асқан жобаның салтанатты ашылу рәсіміне Түркия президентінің жұбайы Эмннэ Ердоған қатысты. Іс-шараға түрлі ведомство өкілдері, ғалымдар мен студенттер де шақырылды. Жаңа зертханада экология мәселелері жіті зерттеліп қана қоймай, оларды шешу мақсатындағы практикалық амал-әрекеттер әзірленеді. Экология, табиғатты пайдалану, қоршаған орта, агро-эко жүйелер бағытындағы білім алушылар осы жерде нақты тәжірибе жинайтын болады. Атап айтқанда, қоқысты сұрыптау мен «жасыл» технологияларды енгізу жолдары зерттеледі.

Гүлмира Сатыбалдиева, С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті институтының директоры:

- Негізі зертханамызда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүрігзу жоспарланып отыр. Үздік халықаралық тәжірибелер енгізуге жұмыстар жоспарланып отыр және де Тика ұйымы мен Түрік ынтымақтастық және серіктестік агенттігімен бірге жобалар жоспарланып отыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz