RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да үш адам суға кетті

14.05.2026, 20:40 27

Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталмай жатып үш адам суға кетті. Осыған байланысты құтқарушылар өлкедегі ең қауіпті деген су көздерінің тізімін жасады.

Бұл қатарда қала ішімен өтетін Ертіс пен Үлбі, Ұлан ауданындағы Сібе көлдері бар. Дегенмен бұл өзге су тоғандарында қауіп-қатер жоқ дегенді білірмейді - дейді мамандар. Қазір аймақта жағажайлардың жазғы маусымға әзірлігі тексеріліп жатыр. Бұқтырма бойындағы демалыс орындарында кезекшілік ұйымдастырылып, мониторинг жүреді.

Марина Лискова, ТЖД баспасөз хатшысы:

- Мониторинг және алдын алу шаралары үздіксіз жүргізіледі. Біздің  жылдам жүретін катерлер қолданылады. Сонымен қатар дрон аппараттарын пайдаланамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz