Биыл Атырау облысында 400-ден аса интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Бұған қоса дропперлік қызметке қатысты 5 қылмыстық іс сотқа жолданды.
Өңірде интернет-алаяқтық өршіп тұр. Қазір тәртіп сақшылары тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізіп, күмәнді сілтемелер мен жеке деректерді жариялаудан сақ болуды ескертіп жүр. Былтыр өңірде 1000-ға тарта киберқылмыс тіркелді. Оның 500-ден астамы интернет-алаяқтық дерегі.
Дәурен Мұханбетәлиев, облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі:
- ҚР ҚК 232 де бір бабы бойынша дропперлік қызметке қатысты 5 қылмыстық іс сотқа жолданған болатын. Интернет-алаяқтықтың құрбанына айналмас үшін бөгде адамдарға СМС-кодтарды, банк карталарының деректерін, жеке шоттары туралы мәліметтерді бермеген жөн. Күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз тұлғалардың қаржылық сипаттағы ұсыныстарына сенбеу қажет.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Атырау #киберқылмысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz