Маңғыстау өңіріндегі Айрақты тауында экологиялық акция өтті. Көрікті табиғи мекенді қоқыстан тазартуға мемлекеттік қызметшілер, экологтар мен еріктілер атсалысты.
Тау етегінен жиналған тұрмыстық қалдықтар жақын маңдағы қоқыс полигонына шығарылды. Игі шараға қатысқандар көпшілікті қоршаған ортаны қорғауға үндеді. Былтыр Маңғыстаудың туристік жерлеріне жарты миллион адам барған. Олардың 20 пайызы шетел азаматы.
Армат Жүсіпқалиев, Экология департаментінің басшысы:
- Жыл басынан бері әртүрлі жерлерде, туризмдік аймақтарда қаншама заңсыз қоқыс үйінділері табылып жатыр. Тек қана Айрақтыда емес, Шерқаланың маңы бар, оның арғы жағындағы Бозжыраның айналасында да табылды. Осыған орай жергілікті тұрғындарға айтатыным - экологиялық тәрбие, ол үйден басталады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Маңғыстау #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz