RU
Толық нұсқаға өту

Прокаттан түскен табыс игі іске жұмсалады

14.05.2026, 22:20 31

«Ерекше» фильмінің прокатынан түскен 165 миллион теңге ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға арналған эндаумент-қорға аударылады.

Картина биыл көктемде үлкен экранға шыққан еді. Бүгін Алматыда Қазақстан бочча федерациясы мен Kinopark кинотеатрлар желісінің өкілдері жиналып, әлеуметтік фильмнің нәтижесін жариялады.

«Ерекше» фильмі махаббат пен адалдық, рух күші, жеңіске деген жігерді насихаттайды. Әлемді өзгерткің келсе – әуелі өзіңнен баста дейді. Фильм түсіріліміне бочча спорты арқылы өмірге жаңа көзқарас тапқан спортшылар қатысты. Олар үшін бұл спорт тек жарыс емес, қоғамға өзін танытуға және физикалық шектеулер үлкен арманға кедергі еместігін дәлелдеуге ықпал етті.

Асылбек Қуаныш, фильм қатысушысы:

- Сахна кезінде біз профессионалды тұрғыда түсіп жатқан актерларды Бочча ойынына үйретіп, қателіктерін түзедік.

Фильм «Қазақстан бочча федерациясының» қолдауымен түсірілді. Қазіргі таңда федерация 13 өңірдегі 250-ден астам спортшының басын біріктіріп отыр. Бочча 1984 жылдан бері Паралимпиада ойындарының бағдарламасына енген. Әлемде инклюзивті спорттың символдарының бірі саналады. Бұл - ауыр мүгедектігі бар азаматтар ойнай алатын спорт түрі.

Назым Жанғазы, ҚР Бочча федерациясының вице-президенті:

- Ең біріншісі - бұл инклюзияны дамыту. Қоғамда барлық азаматтар жай ғана комедия емес, комедияның ішінде өзінің әлеуметтік бір түйіні болса екен, соны балалар, жастар түсінсе екен деп біз кино түсірген болатынбыз. Біздің боччистеріміз де басқа салалар да жақсы дамып жатыр. Қазір мысал ретінде Eurasian Fashion Week болып жатыр ғой. Сол жерде де біздің балаларымыз жаңағы дефилеге өтіп, мода көрсетіп келді.

Жоба Қазақстанда әлеуметтік киноның табысты болып қана қоймай, қоғамға нақты пайда әкелетінін дәлелдеді. «Ерекше» фильмінің прокатынан түскен 165 миллион теңге эндаумент-қорға аударылады. Қомақты қаражатты инвестициялаудан тапқан табыс ерекше жандардың қажетіне жұмсалады.  

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Эдуард Кон

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz