RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына төрағалық етеді

14.05.2026, 23:20 34

Қазақстан Катар елінен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымына төрағалықты қабылдап алды.

XVII Бас ассамблеяда ауыл шаруашылығын цифрландыру және жаңа аграрлық шешімдерді енгізу мәселелері талқыланды. Ұйымның бас директоры Берік Арынның айтуынша, негізгі бастамалардың қатарында Қазақстанда Инновациялар және білім орталығын, сондай-ақ Халықаралық генетикалық банкті құру бар. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласында ғылыми-зерттеу институттарын біріктіретін Аграрлық академиялар қауымдастығын құру жоспарланып отыр. Сонымен қатар ұйым азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы инновациялар үшін арнайы сыйлық тағайындайды. Ол екі жылда бір рет табысталады. Ұйымның Африка елдерімен жұмыс істейтін алғашқы өңірлік кеңсесін Мароккода ашу көзделіп отыр. Берік Арынның сөзінше, бүгінде әлемдік азық-түлік жүйесі климаттың өзгеруі, геосаяси тұрақсыздық, су тапшылығы және логистиканың бұзылуы секілді күрделі сын-қатерлерге тап болып отыр. Әсіресе бұл мәселелер Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерге қатты әсер етіп жатыр.   

Берік Арын, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры:

- Міндеті аты айтып тұрғандай, осы инновацияларды немесе басқа елдердің озық тәжірибелеріне қатысты білім жаңалықтары болса, соны жүйелендіріп, ұйымға мүше елдермен бөлісу, соларға ендіру.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz