RU
Толық нұсқаға өту

Әлемдік логистикада түркі елдерінің ролі артты

15.05.2026, 07:29 48

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Түркияға 34 тауар түрі бойынша экспорт көлемін ұлғайтуға дайын екенін айтты.

Тауардың жалпы құны 630 млн доллардан асады. Бұл бір ғана мысал. Қазір біздің елден өнім импорттауға қызығушылық танытып отырған елдер аз емес.

Ендігі мәселе сол тауарды жеткізу. Бұл жерде логистика мүмкіндіктері сыналатыны белгілі. Оның үстіне Үкімет алдағы 10 жылда транзиттік жүк көлемін 100 млн тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Яғни билік аймақта қалыптасқан геосаяси ахуалды ұтымды қолдануға тиіс. 

Нұрқанат Қанапия, тілші:

- Еуразиядағы логистикада түркі мемлекеттерінің ролі күн санап күшейіп келеді. Шығыс Еуропадағы жағдай ушыққалы Батыс пен Шығыстың арасындағы алыс-беріс көбіне Қазақстан, Әзербайжан және Түркия арқылы өте бастады.

Оның себебі мәлім. Іргеміздегі Қытай өндірген тауарын Еуропаға жеткізу үшін әуелі біздің елге әкеледі. Кейін Каспий үстімен Әзірбайжанға жеткізеді. Осы жерде тараптар Зангезур дәлізін дамытуға мүдделі екені түсінікті. Зангезурден әрі түрік порттары тиіп тұр. Ал Анадолының тоғыз жолдың торабында жатқаны белгілі.

Айбар Олжай, сарапшы:

- Түркия осы аймақтық хаб болғысы келеді. Және онысы дұрыс. Жалпы Еруопаға Қытайдан тауар жеткізетін құрлықтық қақпа. Қақпа болуға Түркияға көмектесетін, негізгі Каспийге, батыс жақтан Каспийге дейінгі Әзірбайжан мен Армения арасындағы барлық мәселені шешіп, осыларды белгілі бір үлкен блогқа кіргізу керек. Одан кейін Каспийден өтіп, Қазақстан. Қазақстан тікелей Қытайға шығады. Сондықтан Қазақстан жалпы бұл үлкен былай қарағанда жобаның ең негізгі коридоры.

Иә, бүгінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағытындағы жүктің 85 пайызы біздің елмен өтеді. Себебі бұл ең төте жол. 

Мәселен, Үнді мұхитын кесіп өтіп, Суэц каналымен жүк жеткізуге 45 тәулік қажет. Кейде одан да қашық. Суэцтегі кезекті былай қойғанда, қазір Таяу Шығыстан маза қашқаны белгілі. Екіншісі Солтүстік Мұзды мұхит. Бірақ мұны жақын да болса алыс жол дейді мамандар. Өйткені мұхит бетінде мұз сіресіп жатыр. Тек мұзжарғыш кемелердің ізімен діттеген жерге 35 күнде баруға болады. Бұл әрине, басы артық шығын. (3ГР) Ал құрлық жолы ең тиімдісі. Яғни Шанхайдан шыққан жүк қазақ жерімен Каспийден өтіп, Кавказ арқылы Түркияға жетеді. Әрі қарай Жерорта теңізімен Еуропаның кез келген еліне бас-аяғы 15 күнде барады.

СУЭЦ каналы арқылы 45 күн

Шанхай

Суэц каналы

Роттердам

СОЛТҮСТІК МҰЗДЫ МҰХИТ АРҚЫЛЫ 35 КҮН

Шанхай

Роттердам

ҚҰРЛЫҚ АРҚЫЛЫ 15 КҮН

Шанхай

Алматы

Ақтау

Ыстамбұл

Роттердам

Рзабек Артығалиев, сарапшы:

- Нақты ұсынатын бұл дейтін бізге қазір Каспий теңізі арқылы Әзербайжанға кету. Ол уже бір емес, бірнеше рет маршрутты пайдаланып жатырмыз. Қазіргі таңда, бүгінгі таңда бізге ең жақсы болатын маршрут, ол мына Баку арқылы, сол арқылы, Каспий теңізі арқылы шығатын. Осы маршрутты ұлғайту. Ол үшін порттарды нығайтып, көбейту керек.

Қазақстан логистиканы дамытуға күш салып отыр. Кейінгі 15 жылда көлік саласына шамамен 35 млрд доллар құйылды. 2,5 мың шақырымнан астам магистральдық жол салынды. Ал алдағы 4 жылда тағы 5 мың шақырым теміржол тарту жоспары бар. Осылайша 2035 жылға қарай транзит көлемін жылына 100 млн тоннаға жеткізу көзделген.

Нұрқанат Қанапия, Диас Қобланбаев, Сұлтан Қораз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz