RU
Толық нұсқаға өту

Жезқазғанда автодром құрылысы бітпей тұр

15.05.2026, 10:00 41

Жезқазғанда 3 жыл бұрын басталған автодром құрылысы аяқсыз қалды.

Жауапсыз мердігер міндетін орындамай, құрылыс орта жолда тоқтап қалған. Соның салдарынан тұрғындар жүргізуші куәлігін алу үшін, көршілес облыстарға баруға мәжбүр. Енді маңызды нысан құрылысы қашан аяқталады?

Сәтбаев тұрғыны Салтанат Бибатырова жақында автомектепті тәмамдады. Енді практикалық емтихан тапсыруы керек.  Алайда, ең жақын деген  автодром  450 шақырым жердегі Қызылорда қаласында.

Салтанат Битабарова, Сәтбаев қаласының тұрғыны:

- Сертификатымды алдым. Енді аман-есен теория экзамен өтіп кетсем, вождениеге басқа қалаға баруым керек болып тұр. Бұл қалтаға қатты ауыр болып тұр. Қалтаға қатты ұрса да баруым керек.

Салтанат секілді ондаған курсант емтихан тапсыру үшін өзге өңірлерге сабылып жүр.  Әдейілеп барған күннің өзінде көбі сынақтан бірден өте қоймайды.  Себебі,  олар  көлік жүргізуді Жезқазғандағы талапқа сай келмейтін ескі автодромда үйренеді.  Автомектеп  өкілдері жаңа автодром сұрап жүргенімізге 6 жыл болды  дейді.

Бақытжан Әбілғазиев, автомектеп оқытушысы:

- Ұлытау облысының халқы қиналып жүр осы жағдайдан. Бізде құрылысы басталды. Автодромның өзі бітті деп айтады, бірақ іске қосылған жоқ әлі. Сосын оның тағы да бір мәселесі зданиесі салыну керек дейді. Ол қашан салынатынын оны біз айта алмаймыз.

Құны 1,5 млрд теңге болатын нысан құрылысы 2024 жылы басталды. Бұл қаржыға автодромнан бөлек көлік иелеріне қызмет көрсететін орталық салынуы тиіс еді. Бірақ жоспарланған жұмыстың жартысы да бітпеді.  Құрылыс басқармасының арызы бойынша, мердігермен  келісім-шарт бұзылды. Соттың шешімімен міндетін уақытылы орындамаған компания жосықсыз мердігер деп танылды.

Ринат Алматов, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда қалған қаражатына конкурс жарияланып, мердігер анықталды. Жалпы осы құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы талон берілді. Қазіргі таңда жаңа анықталған мердігер жұмысты бастап жатыр. Жалпы құрылыс мерзімі 10 айды құрайды. 27-ші жылдың наурыз айында жұмыстар аяқталуы тиіс. 

Құрылысты аяқтауға бюджеттен қосымша қаржы бөліндейді. Жаңа мердігер қалған қаржыға салып шығады. Әзірге жұмыстың шамамен 35 пайызы орындалған. Жауапты мамандар «Жұмысты ширатып жылдың соңына дейін аяқтауды көздеп отырмыз» дейді.

Елдос Кәкенов, Нұрбол Үздікбаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz