«Жолаушылар тасымалы» АҚ 1 маусымнан бастап «Қарағанды – Балқаш» бағытындағы жолаушылар пойызын іске қосады, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл бағыт Қарағанды облысының тұрғындары үшін көлік қатынасын кеңейтіп, Балқаш қаласына сапарлайтын жолаушыларға қосымша мүмкіндік береді.
Бағыттың жалпы ұзақтығы 472 шақырымды құрайды. Жол жүру барысында 19 аялдама қарастырылған. Пойыз күнара, тақ күндері қатынайды.
Қозғалыс кестесі
Қарағанды станциясынан:
жөнелтілуі — 06:00
Балқаш станциясына келуі — 12:48
Балқаш станциясынан:
жөнелтілуі — 13:45
Қарағанды станциясына келуі — 20:53
Пойыз Қарағанөзек, Қарабас, Құлайғыр, Қарамұрын, Дария, Жарық, Нілді, Айса, Ақадыр, Босаға, Мойынты, Бүйрек, Сарықұм станциялары арқылы жүреді.
Пойыз құрамы 6 вагоннан жасақталған: оның ішінде 2 купе және 4 плацкарт вагоны бар. Жалпы сыйымдылығы — шамамен 300 орын.
Тегтер #ҚарағандыБалқаш #жолаушылар тасымалы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz