Жасанды интеллект пен озық технология дәуірінде рухани және мәдени құндылықтарды назардан тыс қалдырмау қажет.
Президент осылай деп, Түркі өркениетінің мұрасын сақтау жөніндегі конвенция жобасын пысықтау туралы ұсынысты қолдауға шақырды. Мемлекет басшысының айтуынша, Түркі өркениетінің мол мұрасын сақтау және оны зерделеу – тарихи жадыны жаңғырту ғана емес. Бұл – біздің бірегей болмысымызды, бірлігімізді және ынтымақтастығымызды көрсететін маңызды фактор екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Мен Түркі өркениетінің мұрасын сақтау жөніндегі конвенция жобасын пысықтау туралы ұсынысты қолдауға шақырамын. Бұл құжат түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және дәріптеу ісіне құқықтық негіз болады. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның осы саладағы қызмет аясын кеңейте түсуге ықпал етеді.
Тегтер #Түркі мұрасы #жасанды интеллект #конвенция #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz