2022 жылдан бері 150 миллионға жуық алаяқтық қоңырау және дропперлердің есеп-шоттарындағы 700 миллион теңгеден астам ақшалай қаражат бұғатталған.
Ал жәбірленушілерге 500 миллион теңге шамасындағы сома қайтарылды. Киберқылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізудің жаңа форматы да енгізілді. Бұрын үш күнде өтетін шаралар, енді қылмыстың трансұлттық сипат алуына байланысты халықаралық ынтымақтастықты күшейту үшін үш ай көлемінде жүреді. Биыл ақпан-сәуір айлары аралығында «Anti-froud» жедел-профилактикалық шарасы қолға алынып, нәтижесінде 900-ге тарта киберқылмыс әшкереленді.
Жандос Сүйінбай, ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы:
- Дегенмен интернет-алаяқтықтың алдын-алудың негізгі құралы – бұл азаматтардың өз әрекеттері. Яғни әрбір азамат күнделікті өмірде қарапайым кибергигиенаны сақтап, осы қауіпсіздік шараларын қолдануы тиіс деп санаймыз. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін қарапайым ережелерді сақтау өте маңызды: банктік карталарыңыздың деректерін, парольдерды, СМС-кодтарды әрине ешкімге айтпау керек. бейтаныс адамдарға өтініш бойынша әр түрлі бағдарламаларды орнатпаса бұл жерде қорғауға біраз мүмкіншілік болады.
Тегтер #интернет алаяқтар #күрес #дроппер #Таңдаулы #Заң мен тәртіпPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz