RU
Толық нұсқаға өту

Цифрландыру жүйесіндегі жетістіктер таныстырылды

15.05.2026, 21:35 30

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту және аймақтағы технологиялық серіктестікті нығайту бастамалары таныстырылды. 

Мәртебелі меймандарға елдің ЖИ саласындағы жетістіктерін премьер-министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев баяндады. Бүгінде Қазақстанда Starlink және OneWeb компанияларының жерсеріктік байланыс технологиялары белсенді енгізіліп жатыр. Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту елдің транзиттік әлеуетін жаңа деңгейге көтереді. Есептеуіш қуатын арттыру бұл саладағы маңызды қадамға айналды. Аймақтағы ең ірі суперкомпьютерлер іске қосылды. Енді «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» атты ауқымды жоба қолға алынады. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ынтымақтастығы ғарыш саласында да нәтиже беріп отыр. Еліміз Өзбекстан, Түркия және Әзербайжан мемлекеттерімен бірлесіп, CubeSat ғылыми жерсерігін әзірлеп жатыр. Оны ғарышқа келесі жылы ұшыру жоспарланған. Жасанды интеллект мемлекеттік басқару жүйесінде де кеңінен қолданылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz