RU
Толық нұсқаға өту

Алматы тау кластерінің дамуы талқыланды

15.05.2026, 21:51 35

Алматыда тау кластері мен «Almaty Superski» курортын дамыту мәселесін талқылаған жиын өтті. 

Жоба қоғамдық ұйым өкілдеріне, сарапшыларға және қалалық қоғамдық кеңес мүшелеріне таныстырылды. Қатысушылар экология, тау туризмін дамыту және заманауи инфрақұрылым қалыптастыру мәселелеріне қатысты ойларын ортаға салды. Шараны қалалық әкімдік пен Азаматтық альянс ұйымдастырды.

Алматының таулы аймақтарын дамытуда тұрғындардың мүддесі, экология мене қаланың туристік әлеуеті ескерілуі тиіс. Сондықтан оны кешенді түрде дамығаны маңызды. Жобаның таныстырылымында тау инфрақұрылымын дамыту, туризм мен өңір экономикасының өрлеуіне серпін беретін мүмкіндіктер айтылды.

Александр Руденко, Almaty Tau Management басқарма төрағасының орынбасары

- Негізгі мақсат Медеуден бастап «Oi-Qaragai» дейінгі шатқалды өзара байланыстыру. Жабық аспалы кабиналы арнайы көтергіштердің санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Жаяу жүретін туристердің қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі басты назарда болады. Тау шаңғысы тас жолы мен сырғанау жолдарының қашықтығын ұзарту, заманауи инфрақұрылым қалыптастыру халықаралық деңгейде жаңа белеске шығуды білдіреді.

Кеңеске жиналғандар «Almaty Superski» тау курорты жобасымен де танысты. Оған шаңғы трассасынан бөлек, хайкинг бағыттары, таудағы веложолдар инфрақұрылымы кіреді. Қазір бұған қатысты ботаника, зоология және топырақтану саласының мамандары зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ермек Қожамсүгіров, Қоғамдық кеңес мүшесі:

- Бұл өте маңызды жоба. Себебі біздің еліміздің әлемдік кеңістіктегі беделінің артуына ықпал етеді. Біз бәріміз Шымбұлақ тау-шаңғы курортының биікте орналасқанын жақсы білеміз. Сондықтан оны тиімді пайдаланған жөн. Шымбұлақты ғана дамытып қоймай, қосымша бағыттарға да серпін беруіміз қажет.

Жиынға қатысушылар Алматы тау кластерін дамытуға қолдау білдірді. Жобаны жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын ашуға, туризмді, шағын және орта бизнесті дамытуға қосымша мүмкіндік береді,-деді. Сондай-ақ Алматының халықаралық туристік және инвестициялық тартымдылығын арттыратынын атап өтті. 

Авторлары: Қарлығаш Қайыпбекова, Сержан Жұмабаев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz