RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да екі шақырым құрақ көрпе жайылды

15.05.2026, 21:55 151

Шығыс Қазақстан облысында «Ғасырлар дәстүрі» атты халықаралық фестиваль басталды. 

Сәндік қолданбалы бұйымдар жасау және кілем тоқу шеберлерінің басын қосқан жиынға 7 мемлекеттің өкілдері қатысып жатыр. Бағдарламадағы басты оқиға 800 ісмер Алтын Алтай төрінде ұзындығы 2 шақырымға жететін 789 құрақ көрпе жайып, әлемдік рекорд жаңартты.

2 шақырым құрақ көрпе жайылды

«Ғасырлар дәстүрі» фестивалі үш күнге созылады. Ең алдымен, осы шараның мән-жайына арналған жиын өтіп, келген қонақтарға толық ақпарат берілді. Соңынан Өскемен – халықаралық деңгейдегі қолөнершілер орталығына айналды. Қытай, Түркия, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Алтай Республикасынан сырмақ жасап,алаша мен кілем тоқудың хас шеберлері жиналды.

Сейдірхан Қанжарбайқызы, қолөнер шебері:

- Қолөнер үшін қазақ ұлтының салт дәстүрін ұмыттырмай, келешек ұрпаққа ол дәстүрді қалдыру үшін,  халыққа еңбек ету үшін осы заттарды көрсетейік деп алып келіп отырмыз.

Облыс басшысы Нұрымбет Сақтағанов әр өңірдің еңбегімен жете танысты. Халықаралық мұражайлар күні аясында өтіп жатқан фестиваль нағыз өнер мейрамына ұштасты. Жобаның басты жаңалығы – «Аламан Құрақ-2026» шарасы болды. Оған 17 облыстан келген шеберлер қатысып, ұзындығы 2 шақырымға жететін құрақ көрпе жайылды.

Нұргүл Абайхан, «Аламан Құрақ» жобасының авторы:

- Аламан құрақ жобасының басты мақсаты – Қазақтың құрағын әлемге паш ету. Ал миссиясы – бір қолдан шыққандай бірдей тігіп, қазақтың ауызбіршілігін кеңпейлідігін қонақжайлығын көрсету.

Ісмерлер арасында 90 жастағы әжеден бастап 5 жастағы бүлдіршінге дейін бар. Арнайы сарапшылар стадионға төселген көрпелерді өлшеп, халықаралық рекордтар кітабына   енгізуге өтінім берді. Бірнеше сағаттан соң этноауылда дүбірлі доданың нәтижесі жарияланып, этнорекорд жаңартылды.

«Аламан Құрақ» рекордын жаңарту күллі түркі қолөнерін әлемге паш етумен тең. Демек ұлттық құндылықтың мәртебесі де та бермек.

Нұрымбет Сақтағанов, ШҚО әкімі:

- Биыл ШҚО-да 789 құрақ көрпе жайылып, жаңадан рекорд орнатылды. Бұл жұмыстардың барлығы – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың креативті индустрияны дамытуы аясындағы жасалып жатқан жұмыс.

Фестиваль барысында шетелден келген қонақтар мен үздік құрақшылар марапатталды. Ал қолөнершілер әкелген Тұлпар көпшіктер қаладағы балалар үйіне тарту етілді. 

Авторлары: Э.Ахметова, Ж.Бабаханов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz