Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы алқаптарында шегірткеге қарсы химиялық өңдеу шаралары қарқын алды.
Биыл өңірде 230 мың гектар аумақты дәрілеу жоспарланып отыр. Қазір белгілінген көлемнің жартысына жуығы өңделді.
Жамбыл облысындағы фитосанитар қызметінің мамандары маңызды науқанға шықты. Олар шегірткеге қарсы химиялық өңдеу шараларын сәуірдің ортасынан бастап кетті. Өңірде зиянкестің азиялық, марокколық және италиялық түрі тіркелген. Кей аудандарда дәрілеу аяқталып келеді.
Назгүл Атабева, Жамбыл аудандық Фитосанитарлық диагностика және болжамдар орталығы филиалының басшысы:
- 18 265 гектарды толық өңдеуге жібердік. Өңделіп, аяқталуда. Енді былтырғы жылмен салыстырғанда көлеміміз екі есеге көп. Ол дернәсілдің, зяикестің даму цикліне байланысты жоғарлау деңгейінде келе жатыр.
Өңірдегі Қордай, Жамбыл, Мойынқұм, Талас аудандарында зиянкестерге қарсы егістікке жатпайтын 300 гектар жер өңделді. Әлі тағы 101 мың гектар бар. Дәрілеу науқанына 4 техника тартылған. Оның ішінде ұшақтар мен дрондар да бар.
Нұрби Жігіттеков, ҚР АШМ Мемлекеттік инспекция комитеті облыстық аумақтық инспекциясының басшысы:
- Жамбыл облысы бойынша аса қауіпті зиянды организмдерге, оның ішінде үйірлі шегірткелерге қарсы күрес үшін республикалық бюджеттен 743 млн. теңге бөлінген болатын. Мемлекеттік инспекциясының ауыл шаруашылығы министрлігінің конкурсы өткізу нәтижесі бойынша бізде қазір 4 мердігер ұйым қызмет атқарып жатыр. Жалпы 56 бірлік техника қатысып отыр.
Облыс бойынша шегірткелерге 90 маман бақылау жүргізеді. Кей алқаптарға дрондар ұшырылады. Фитосанитарлардың айтуынша, әзірге зиянкестерден қауіп жоқ. Алқаптарды дәрілеу маусым айының ортасына қарай толық аяқталады.
Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Анастасия Сүлейманова, Тимур Сейілхан, Эльдар Байділдә
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Жамбыл облысы #шегіртке #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz