Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің экономикалық ықпалдастығын жасанды интеллект күшейте түседі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалардың цифрлық интеграциясының маңыздылығын ерекше атап өтті. Түркі Мемлекеттері арасындағы электрондық құжаттар мен цифрлық қолтаңбаларды өзара тану сауданы жеңілдетуге, инвестициялық процестерді жеделдетуге және әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай шешімдер бизнестің, инвесторлардың және азаматтардың ынтымақтастығын арттырады. Қырғызстандық сарапшылардың пікірінше, ұйымға мүше мемлекеттер жасанды интеллект технологияларын түрлі салаға белсенді енгізуге мүдделі. Әсіресе тауар айналымын арттыру және логистикалық тізбектерді тиімді оңтайландыру бағытында оның маңызы зор.
Семетей Қарыпбеков, медиасарапшы:
- Түркі мемлекеттері ұйымы үшін экономикалық ынтымақтастық, ортақ инвестициялар мен бірлескен логистикалық бағыттарды қалыптастыру маңызды. Қазір ұйымға мүше елдер ғана емес, күллі әлем жасанды интеллектіні түрлі салада қолдана бастады. Енді оны мемлекеттік басқару, экономика, инвестиция және логистикалық-техникалық орталықтарды дамыту саласында тиімді игере білген ел озады десе болады. Осы тұрғыда Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымы кеңістігінде бұл бағыттың қозғаушы күшіне айналады деп сенеміз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #түркі елдері #президентPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz