RU
Толық нұсқаға өту

Орал-Атырау жолында орташа жөндеу басталды

16.05.2026, 12:30 38

Автожол инфрақұрылымын жаңғырту мен елдің транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған Президент тапсырмалары Батыс Қазақстан облысында жүзеге асырылып жатыр.

Биыл өңірде республикалық маңыздағы 236 шақырым жол орташа жөнделеді. Оның 180 шақырымы «Орал–Атырау» тасжолына тиесілі. Қазір күре жолда құрылыс қарқын алды.

«Атырау–Орал» жолы 20 жыл бұрын салыныпты. Содан бері ойылған тұстары жыл сайын жамалғаны болмаса, басқаша жөндеу көрмеген. Биыл жолдың Оралдан Чапаев ауылына дейінгі 120 шақырымы және Атырау шекарасынан бастап 60 шақырымы орташа жөнделеді. Қазір күре жолда құрылыс қарқын алды. Жалпы биыл өңірде республикалық маңыздағы 236 шақырым жол жөнделеді.

Асылбек Мардан, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚОФ директоры:

- Қазіргі таңда жұмыстар толықтай басталды. Бүгінгі таңда инерттік материал дайындау жұмыстары 50-60% дайындалды.  Жалпы бүгінгі күні Атырау-Орал тас жолының бірінші екінші телімі бойынша 10% жұмыстар төменгі қабат төселді.  Атырау-Орал тас жолы үшінші телім 189-249 шақырымда 8% жұмыстар атқарылып жатыр.

Сондай-ақ биыл Чапаев-Казталов жолының алғашқы 17 шақырымын жөндеу жұмыстары да басталды. Аталған учаскеге ресайклинг тәсілімен асфальтбетон төселіп, 1 автоматты өлшеу жүйесі орнатылады. Құрылыс басында болған облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй мердігерлерге жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Мирас Мүлкәй, БҚО әкімінің орынбасары:

- Облысымызда 6200 шақырымнан астам автомобиль жолдары бар. Қазіргі уақытта қанағаттанарлық жағдайда 60%  құрайды.  Ең маңызды және басты сұрақтардың бірі ол жергілікті жолдар. Қазіргі уақытта бізде мақсат осы жылы облыстағы төрт күре жолды бітіру облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес. Ол деген, бірінші учаскеміз деген Чапай-Жаңақала-Сайқын, екінші бағытымыз бізде деген ол Шыңғырлау-Ақшат-Сегізсай бағытымыз. Тағы бір жолымыз ол деген мына Барбастау-Ақжайық-Индер бағытындағы жол.

Биыл өңірде жалпы ұзындығы 300 шақырымнан астам жол жөндеу жоспарланған. Бұл мақсатқа облыстық және республикалық қазынадан 100 миллиардтай қаражат қаралған.

Авторлары: Е.Жылқайдарұлы, Қ. Ақрап, Э. Аюпов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz