Елордада Қазақстан неміс жастары одағының 30 жылдығына орай форум басталды. Екі күндік шараға Германия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия елдерінен 90 қатысушы жиналды.
Онда жастар мәдениетаралық диалог, достық қарым-қатынас тақырыптарында ой бөлісіп, одақтың алғашқы қатысушылары мен сарапшылардың дәрісін тыңдайды. Форум аясында жастардың шығармашылық жобалары таныстырылады. Алда атқарылатын іс-шаралар талқыланып, жол картасы бекітіледі.
Кристина Ларина, Қазақстан неміс жастары одағының төрағасы:
- Мерейтойлық іс-шараға жиналып отырмыз. Біз оны жастар құрылтайы деп атадық. Бұнда қатысушылармен қатар серіктес ұйымдардың өкілдері де онлайн және оффлайн форматта үлес қосуда. Форумның бірінші күнінде 30 жылда не атқарғанымызға есеп береміз. Екінші күнде болашақ перспективаларын талқылаймыз.
Анастасия Риммер, Қоғамдық қор үйлестірушісі:
- Мен осы одақтың ең алғашқы қатысушыларының бірімін. Бүгін заманауи жастармен түрлі жобаларды өткізу бойынша өз тәжірибеммен бөліскім келеді. Мақсатымыз қазіргі жаһандық дәуірде мәдениетімізді сақтауға үлес қосу.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #неміс жастары одағы #Қазақстан #форумPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz