RU
Толық нұсқаға өту

Тараз тұрғындары қала ішімен өтетін каналдардан қауіптенеді

16.05.2026, 21:39 43

Тараз тұрғындары қала ішімен өтетін каналдар қауіпті деп алаңдайды.

Әсіресе балаларды үнемі бақылап отыру қиын дейді. Оқушылар мектепке Бескемпір каналының  үстіндегі көпірмен қатынайды. Айналасы қоршалмаған, сақтық шаралары қарастырылмаған. Соңғы жылдары бірнеше адам суға кеткен. Мәселе қашан шешіледі?

Бескемпір каналы Жамбыл ауданындағы егістік алқаптарына суармалы су жеткізетін ірі гидротехникалық нысан. Ұзындығы 18 шақырымнан асатын су арнасы Шөлдала тұрғын алабы арқылы өтеді.  Үйдің іргесінде сарқырап су ағып жатқанда ойын баласы үшін алаңдаймыз, дейді тұрғындар. Қоршауы жоқ, қауіп көп.

Мерей Бает, тілші:

- Шөлдалалық оқушылар күнде мектепке бару үшін осы өткелмен өтеді. Алайда тұрғындар бұл көпірдің аса қауіпті екенін айтып отыр. Себебі көпірдің жан-жағы толықтай қоршалмаған. Бұған дейін де тұрғындар ағысы қатты ағынға түсіп, мертігіп қалған жағдайлар көптеп кездескен. 

Шырын Жүсіп, қала тұрғыны:

- Азанда жібереміз бала-шағамен бірге кетеді. Арасында әкелеміз, арасында әкеле алмайтын күндеріміз болады. Бір жаққа баратын жеріміз болады. Ең болмаса осы адамдар өтетін жерді қоршап берсе. Одан кейін болады ғой қалған жерлері ашық тұра берсе де.

Гүлмира Әлиева, қала тұрғыны:

- Үлкен адам да түсіп кетіп жатыр қанша. Өткенде бір келіншек қайтыс болды осы жерде. Ол келіншек мына жерде келе жатыр трубадан түсіп кеткен ғой. Одан соң ана жерден ата кетті. Осы судан кетті онда да. Жылына уже кетіп жатыр қанша адам. Ең қауіпті болып тұр ғой бізге.

Ата-анадан бөлек мұғалімдер де бұл мәселеге алаңдаулы. Шөлдаладағы 700-ге жуық оқушы каналдың арғы бетіндегі жаңа мектепте білім алады. Мектеп ұжымы жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін күн сайын кезекшілік жасап, балаларды каналдан өткізіп жүр.

Мақпал Жүсіпбаева, мұғалім:

- Ешқандай қоршауы жоқ қой мына жерде. Жолдың бойына тоқтайды автобус. Ал егер балалар бір-бірін итеріп жіберсе каналға түсіп кетеді. Ойнап өтеді балалар. Ондай қауіпті жағдайлар да болып жатыр ғой. Сондықтан бізге үкімет тарапынан осы жерді жолдардың барлығын судың жан-жағын қоршап берсе, балаларға қауіпсіз жағдай жасалу керек деп ойлаймын.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, өткелдің айналасы қоршалғанымен, каналды бойлай қоршау орнату әзір мүмкін емес. Ол үшін қомақты қаржы керек. Сондықтан су арнасына жауапты «Қазсушар» мекемесіне арнайы хат жазған. Ал олар өз кезегінде  салалық министрлікке ұсыныс жолдаған. Жауаптылар бір-бірінен қолдау күтіп жүргенде жұртшылық баласының өмірі үшін қорқып отыр.

Нұрлан Олжабаев, Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары:

- Каналдың бойынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қоршау жұмыстарын Казсушар мекемесіне хат жазылып сол Казсушар мекемесінің балансында болғандықтан сол кісілердің жұмысты атқаруын күтетін боламыз. Олар да былай айтқанда мемлекетке қарайды ғой. Мемлекеттік бюджетке қарағандықтан олар да өздерінің ұсыныстарын жоғары министрлікке жолдады. Егер қаражат қарастырылған жағдайда сол жұмыстар жүргізілетін болады.

Жалпы облыста  су арналарын қоршау өзекті мәселе. Себебі елді мекен арқылы өтетін 9 каналдың бір де біреуі қоршалмаған. Бұл іске жауапты «Қазсушар» мекемесінің мамандары былтыр жоба жасалғанын мәлімдеген еді. Алайда құрылысқа қажетті жарты миллиардтан астам теңге әлі бөлінбей отыр.

Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Елдар Байділдә

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz