RU
Толық нұсқаға өту

17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні 

17.05.2026, 09:17 31

Бүгін байланыс саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Еліміздің телекоммуникация саласында 35 мың адам еңбек етеді. 

Қазақстан байланыс сапасы көрсеткіштері бойынша да тұрақты өсім көрсетіп келеді. Мобильді интернеттің орташа жылдамдығы секундына 94,54 Мегабитке, ауылдық жерлер 3G желісінен заманауи 4G стандартына көшіріліп жатыр. Ал 5G технологиясы мегаполистерде, облыс орталықтарымен қатар 20-дан аса қалада енгізілді. Кейінгі жылдары отандық байланыс инфрақұрылымын дамыту, мобильді интернетпен қамту, ауылдық елді мекендерге жоғары жылдамдықты интернет жеткізу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Кәсіби мереке қарсаңында елордада саланың техникалық мамандары арасында жыл сайынғы байқау өтіп, үздіктері марапатталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz