RU
Толық нұсқаға өту

Оралда студенттер алаяқтарға қарсы киберқалқан ойлап тапты

18.05.2026, 07:53 109

Интернет алаяқтарымен күреске батыс қазақстандық студенттер де өз үлесін қосып жатыр.

Жоғарғы оқу орындарының бірінде ойлап тапқан мобильді қосымша күмәнді қоңыраулар мен сілтемелерді, QR-кодтарды жедел танып автоматты түрде бұғаттайды. Шәкірттердің бұл жобасы республикалық IT байқауда жүлделі орын иеленді. Сонымен қатар киберполиция мамандарының да жоғары бағасын алды.

3-курста оқитын Ерасыл Ерболат пен Назгүл Мағаз бүгінде өз мобильді қосымшаларын сынақтан өткізіп жатыр. Мақсатымыз – адамдарды алаяқтардың арбауынан қорғау, дейді зейінді шәкірттер. Олардың ойлап тапқан қосымшасы жалған хабарламалар мен күмәнді қоңырауларды бірден танып бұғаттайды.

Ерболат Ерасыл, студент:

- Бұны жасанды интеллектпен қоса отырып жасадық. Бұл жасанды интеллект ол мәліметтер базасы арқылы қоңырауларды немесе смс-тарды зерттеп, талдап бізге шығарып тұрады. Бұл қоңырау бізге қауіпті, бұл қоңырауға сенім жоқ, ол спамға жатады деп. Сосын бізге таңдау беріледі. Оны біз дейтін бұғаттай аламыз. 

Студенттер өз жобасын Алматыда өткен “Киберқалқан” атты республикалық байқауда таныстырған. Ондаған жобаның ішінен оралдық шәкірттердің қосымшасы үздіктер қатарына еніп,   үшінші орынды иеленген.   «Негізгі киберқалқан» аталымы бойынша арнайы сыйлықпен марапатталған. Жас өнертапқыштар үшін бұл зор жетістік, - дейді жастардың тәліері.

Анаргүл Бикенова, ЖОО аға оқытушысы:

- Болашақта бұл жобаны біздер әрі қарай жетілдіріп, оған патент алып, оны гуглплейге салып, халық яғни барлығы қолданатындай етіп жеткізгіміз келеді. Биылғы жылғы жасанды интеллект жылы деп жарияланғандықтан көбіне негізгі тақырыптардың көбі осы жасанды интеллектке байланысты болды. Қазіргі таңның өзінде мысалы 15-20 шақты кәдімгі көндірісте қолданылған жобалар өтеді, жақсы жобалар дайындалды. 

Мамандардың пікірінше, цифрлық саладағы мұндай тың ізденістерге қазір сұраныс жоғары. Себебі интернет алаяқтық оқиғалары елде жиілеп барады. Тек жыл басынан бері Орал өңірінде жеке және заңды   тұлғалар 206 рет алданған. Келген шығын мөлшері 400 миллион теңгеден асады.

Олжас Шүйіншәлиев, ПД басқарма басшысының орынбасары:

- Бұл осындай интернет алаяқтықтың алдын-алуға үлкен септігін тигізеді. Енді осылай студенттеріміз осыдан әрі өздерінің манағы білімдерін жалғастырып, осы бағдарламаны соңына дейін жеткізеді деп ойлаймын.Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл қылмыс түрі өсіп отыр 15 пайызға. Жасанды интеллект қатты дамыған заман. Сол жасанды интеллект арқылы мысалы қазіргі әлеуметтік желілерге белгілі бір тұлғаларды сөйлеткізіп, жаңағыдай жақсы ақша табуға болады деген мақсатта халықты алдап, жаңағыдай осы инвестиция түріндегі интернет алаяқтық күшеюде.  

Қазір полиция қызметкерлері ірі сауда орталықтарына рейдке тұрақты шығады. Тәртіп сақшылары банкоматтар мен терминалдардың айналасынан алаяқтардың арбауына түскендерді аңғаруға тырысады.

Е. Жылқайдарұлы, Қалыбек Акрап

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz