RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Жаңа баға бекітілді: Алматыда нан қанша тұрады?

18.05.2026, 11:05 129

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Осы мақсатта «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен АЛМАТЫНАН нан-тоқаш комбинаты арасында әлеуметтік бөлке нан өндіру және сату бойынша келісім жасалды, деп хабарлайды «24KZ» .

Келісім аясында бірінші сұрыпты ұннан дайындалатын 3 846 154 бөлке нан сатылады. Бір бөлкенің босату бағасы — 130 теңге. Сауда үстемесі 15%-дан аспайды. Кейбір дүкендер мен сауда желілері нанды үстемақысыз, яғни бастапқы бағамен сата алады.

Әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру 2027 жылдың мамырына дейін жалғасады. Өнім ірі сауда желілері мен үй маңындағы дүкендерде сатылады.

Сонымен қатар Алматыда өзге де әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру шаралары қолға алынған. Жұмыстар өңірлік тұрақтандыру қоры, өндірушілерді жеңілдікпен қаржыландыру және форвардтық келісімшарттар арқылы жүргізілуде.

Мәселен, Сары-Булак құс фабрикасымен бірінші санаттағы 86,4 млн жұмыртқа жеткізу туралы келісім жасалған. Бір жұмыртқаның бағасы 59 теңгеден аспайды. Өнімдерді Magnum, Small, Metro, A-store дүкендерінен және «Алатау-құс» фирмалық сауда орындарынан сатып алуға болады.

Сондай-ақ Алатау-құс және Nauryz Agro KZ компанияларымен тауық еті бағасын тұрақтандыру бойынша келісімдер бар.

Бұдан бөлек, «Алматы» ӘКК жергілікті өндірушілерден 4 500 тонна қант сатып алған. Қант Magnum, Small, Toimart, «Столичный», «Юбилейный» және басқа да сауда желілерінде сатылады. Қанттың босату бағасы — 405 теңге, ал сауда үстемесі 10%-дан аспайды.

Бағаны тұрақтандыру шаралары туралы толық ақпаратты almatyazyk.kz сайтынан білуге болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz