Елімізде Жұмыс берушілерді қолдау орталығы мен Әйел жұмыс берушілер платформасы іске қосылады.
Бұл туралы бүгін елордада басталған «NEF 2026» жұмыс берушілер қауымдастықтарының бірінші ұлттық форумында белгілі болды. «PARYZ» ұлттық конфедерациясы ұйымдастырған ауқымды жиынға мемлекеттік сектор, халықаралық ұйымдар мен отандық бизнестен 600-ге жуық делегат жиналды. Форумда мәлім болғандай, жаңадан құрылатын орталық өңірлердегі кәсіпкерлер бірлестіктеріне сараптамалық көмек көрсетіп, олардың мүддесін қорғайды. Ал арнайы платформа нәзік жандылардың экономикадағы және шешім қабылдау үдерісіндегі рөлін арттырумен айналысады. Сарапшылардың пікірінше, бұл форум жай ғана талқылау алаңы емес, елдегі жұмыс берушілер институтын күшейту мен бәсекеге қабілетті еңбек нарығын құрудың негізгі тетігіне айналуы тиіс.
Тегтер #жұмыс беруші #қауымдастық #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz