RU
Толық нұсқаға өту

Пәтеріңіз жайлылық класына сай ма?

18.05.2026, 16:48 70

Сіз тұратын жайлы яки комфорт кластағы үйіңіз расында соған сай ма? Әлде бұл тұтынушыны қызықтырып, пәтер бағасын көтеру тетігі ме? 

Әзірге бұл сұрақтарға тұщымды жауап ала алмаймыз. Өйткені оны тексеретін комиссия жоқ. Ал сала сарапшысы: «Жайлылық класпен сату – маркетингтік термин», - деп санайды. Сондықтан құрылысшылар одағы аталған ұғымның ақ-қарасын анықтап, құрылыс кодексіне енгізуге ұсыныс жасаған. Қолдау таппады. Енді заң шілдеде күшіне енгенде, жұмыс барысында бастаманы қайта жандандыратынын жеткізді. 

Диляра Сейтнұрова, Qazaq Expert Club құрылыс сарапшысы:

- Негізінде ол – маркетинг жолдарының терминологиясы. Өкінішке қарай, заңды түрде кластар бекітілмеген. Бізде біріншіден төртіншіге дейін бекітілген. Жобаны жасап жатқанда құрылыс компаниясы тұрғын үйдің класын өзі анықтайды. Соны жобаға енгізеді. Кейбір тұрғын үй аралас клас боп келеді. 2-3-ші, 3-4-ші клас боп келеді. Техникалық қабылдау компаниялары бар. Авторлық қабылдау компаниялары бар. Негізінде олар тек қана жобаның соңғы өзгертілген бекітілген жобаға сәйкес келетін сандарды тексереді. Десе де олардың кластарының сәйкес келетіні ешқандай тексеріске жатпайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz