Маңғыстауда көне акуланың тістері табылды. Айрақты және Шерқала тауы маңында қазақстандық ғалымдар швециялық палеонтологпен бірге зерттеу жүргізді.
Экспедиция кезінде тау етегінен 35-40 млн жыл бұрын Тэтис мұхитын мекендеген ірі жыртқыш балықтың тістері қазылып алынды. Сондай-ақ зерттеушілер киттің қабырғасы, теңіз жұлдызы және әртүрлі ұлулардың қалдықтарын кезіктірді.
«Бұл – осы аумақтың алып мұхиттың бір бөлігі болғанын айғақтайтын аса құнды олжа», - дейді ғалымдар. Айта кетсек, өңірде екі мың жылдық тарихы бар Қарақабақ қалашығында археологиялық зерттеулер жүріп жатыр. Қазба жұмыстары кезінде Византия, Үнді, Парсы мен Қытайдың тиын ақшалары, қыштан жасалған ыдыс-аяқтар табылды. Көне жәдігерлер қалашықтың ежелде халықаралық сауда және қолөнер орталығы болғанын дәлелдейді.
Штефан Киль, палеонтолог-ғалым:
- Бұл – бірегей палеонтологиялық олжа. Миллиондаған жылдар бұрын қазіргі Маңғыстау аумағын алып жатқан көне Тэтис мұхитының табиғи тарихынан сыр шертетін аса құнды ғылыми жаңалық. Акула тістері өңірдің геологиялық өткені мен ежелгі теңіз экожүйесінің байлығын дәлелдейді. Бұл жаңалық халықаралық ғылыми қауымдастық үшін де маңызды.
Тегтер #Маңғыстау #акула #экспедицияPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz