RU
Толық нұсқаға өту

Атырауда жаңа су тазарту станциясы салынады

18.05.2026, 19:03 64

Атырауда тәулігіне 60 мың текше метр ауызсу дайындайтын станция жобасы әзірленді. 

Құрылысы биыл басталатын су тазарту қондырғысы облыс орталығымен қоса Мақат және Доссор кентін тіршілік нәрімен қамтиды. Қазір қалада төрт су дайындау станциясының үшеуі әбден ескірген. 

Жайық жағасында орналасқан бұл су айдау қондырғысы тәулігіне 70 мыңнан аса текше метрге дейін су бере алады. Ал қазір 30-40 мың текше метрге дейін тазартады. «Десе де бұл мөлшер қажеттілікті өтеуге жеткілікті», - дейді мамандар. Жазда өзен деңгейі төмендесе жүзбелі қондырғылар іске қосылады.

Мейрамбек Қуатбаев, су айдау станциясының шебері:

-  Қазіргі таңда су деңгейі қалыпты. Егер су тартылып қалған жағдайда баржыны ығыстыруға болады. Қазіргі таңда баржада екі насос бар. Дайын тұр. Ал іште бір насос беріп тұр. Осы екі насоспен халыққа су айдап тұрмыз.

Ал мынау станция облыс орталығы мен Мақат ауданын ауызсумен қамтып отыр. Өзен суы осы жерде тұндырылып, түрлі химиялық өңдеуден өтеді. «Дегенмен ескі технологияның су тазалау процесі өте күрделі», - дейді технологтар. 

Жәмила Исағалиева, «Атырау облысы Су арнасы» МКМ бас технологы:

- Екінші станса тоқтаулы тұр. Неге десеңіз, ол стансаны біз жаңалықта тамыз айында қайтадан салуға мәжбүр болып отырмыз. Ол ескірді. 3-ші стансаның жұмысы технологиялық жұмысы мынадай: Жайық өзенінне су аламыз. Су алып, оған үш реагент қосамыз, сульфат люмений, полиакриламид, гипохлорит натрий дегенді қосамыз. Тұндырып алғаннан кейін оны фильтрге саламыз сүзіледі 12 сағатта фильтр жуылып тазалап, халыққа қазанға жинаймыз. 

Арыстанбек Кенже, тілші:

- «Қазіргі қолданыстағы екі станцияның алдыңғысы 1940-шы, екіншісі 66-шы жылы салынған», - дейді мамандар. Сондықтан да оларды жаңарту кезек күттірмейтін іс.

Осыған орай жергілікті билік былтыр тәулігіне 60 мың текше метр су дайындайтын жаңа станцияның жобасын әзірлеуді қолға алды. Қазір ол сараптамадан өтіп жатыр. Болашақ станцияның орны анықталып, дайындық жұмыстары басталған. Іске қосылған жағдайда тұтынушыға берілетін су көлемі тәулігіне 120 мың текше метрге жетеді. 

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзақов, Жандос Рахметуллин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz