Мемлекеттік қолдау нақты мақсатқа бағытталған, ашық әрі нәтижеге жұмыс істеуі тиіс. Бүгін Сенатта өткен Үкімет сағатында экономиканы қаржылай ынталандыру мәселелері талқыланды.
Депутаттардың айтуынша, бюджет қаржысы бизнестің дамуына, өндірістің өркендеуіне және инвестиция тартуға серпін беруі қажет. Қазір экономика алдында бірнеше маңызды міндет тұр: жаңа өндірістерді іске қосу, банктердің нақты секторды қаржыландыруға қатысуын кеңейту және бюджет шығындарының тиімділігін арттыру. Жиында даму институттарының экономиканы қолдаудағы рөліне де ерекше назар аударылды. Сенаторлар тұрақты экономикалық өсім үшін ұзақмерзімді әрі қолжетімді қаржы көздері қажет екенін атап өтті. Осыған байланысты қолданыстағы қолдау тетіктерін жетілдіру жоспарланып отыр.
Тегтер #экономикалық өсім #Сенат #үкіметPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz