RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында жаңа жол ашылды

18.05.2026, 21:17 90

Жамбыл облысында «Алматы-Ташкент-Термез» республикалық маңызы бар автомобиль жолының бір бөлігі күрделі жөндеуден кейін ашылды. 

12,3 шақырымдық тас жол бұрынғы Күйік асуы арқылы өтеді. Салтанатты рәсімге Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

Ескі Күйік асуындағы республикалық маңызы бар жол жарты ғасыр бұрын салынып, содан бері күрделі жөндеу көрмеген. Сондықтан ойылып, ақау көбейген еді. 10 айдың ішінде күрделі жөндеу жасалып, жол халық игілігіне беріліп отыр. Облыс әкімі ескі Күйік асуын жаңартудың экономикалық маңызы зор екенін айтты.

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:

- Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауларында көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға ерекше басымдық беріп келеді. Соның нәтижесінде елімізде ауқымды жол жобалары кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Бүгінгі ашылып отырған ескі Күйік асуының жаңаруы – тек Жамбыл облысын ғана емес, тұтас ел экономикасының дамуына серпін беретін маңызды жоба деп білеміз. Себебі сапалы жол сауданың дамуы, туризмнің өркендеуіне, кәсіпкерліктің кеңеюі, инвестицияның келуі және халықтың тұрмыс сапасын арттыру деп білеміз.

Республикалық автожолдың ұзындығы 12 шақырымнан асады. Жоба құны 7 миллиард теңгеге жуық. Автомобиль жолы екінші санаттағы жолға жатады.

Айжан Туғанова, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры:

- Үш қабат асфальт-бетон төселді. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жол белгілері мен шлагбаумдар сияқты жол жиегіндегі тиісті құрылғылар орнатылды. Бұл жобаға сондай-ақ апаттық тұйық жол мен жол жөндеу пункті кіреді.

Салтанатты ашылу барысында облыс әкімі «ҚазАвтоЖол» қызметкерлерінің еңбегін бағалады. Бірнеше маман облыстың дамуына қосқан үлесі үшін марапатқа ие болды.

Авторлары: Достық Талғатұлы, Бақытжан Бапаев, Эльдар Байділда

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz