Ақмола облысында жаңа әскери-тарихи мұражай ашылды. Родина ауылындағы филиал биыл Отан қорғаушы күніне орай жұмысын бастады.
Одан бөлек, қазір Астанадағы Әскери-тарихи мұражай, Алматыдағы Даңқ мұражайы жұмыс істеп тұр. Бұл – Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы елдің әскери тарихын сақтау және жастарға патриоттық тәрбие беру бағытындағы тұрақты жұмысының жемісі. Елордадағы Әскери-тарихи мұражай қорында 24 мыңнан астам жәдігер сақталған. Оларды жинақтауға облыстық өлкетану мұражайлары, Астана қаласының көркемсурет галереясы, сондай-ақ белгілі тарихшылар мен музейтанушылар үлес қосты. Алматыдағы мұражай Қазақстанның Революциялық және жауынгерлік даңқ мұражайы қоры негізінде құрылған. Онда 30 мыңнан астам жәдігер сақталған. Қорғаныс министрлігінің мұражайлары маңызды ағартушылық міндет атқарып, келушілердің Қазақстанның әскери тарихы мен ел тарихындағы ерлікке толы кезеңдер туралы білімін кеңейтеді.
Тегтер #Әскери музей #жәдігер #қарулы күштерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz