Атырауда Жайық жағалауында «Eco plogging» экологиялық акциясы өтті. Қоршаған ортаны қорғау іс-шарасына 50-ге жуық жас қатысты.
Олар Сұлтан Бейбарыс алаңынан жаяу жүргіншілер көпіріне дейін жүгіріп барып, жол бойындағы қоқыстарды жинады. Бұл бұқаралық спортты дамытып қана қоймай, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да мүмкіндік береді. «Мұндай акцияны күнделікті өмір салтына айналдыру арқылы табиғатты таза ұстауға болады», - дейді ұйымдастырушылар.
Мәнсия Сағидоллаева, Жастар ресурстық орталығының басшысы:
- Ең алғашқы рет өткізіліп жатқаннан кейін акцияға мектеп оқушыларын және студенттерді алып жатырмыз. Жалпы бұл акцияның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, жастардың бойындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау, жүгіріп жүріп қоқыстарды жинау, айналадағы экологияны таза ұстау.
Тегтер #Атырау #Жайық #экологиялық акция #Таза ҚазақстанPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz