«Қазақмыс» жыл басынан бері катодты мыс өндірісі бойынша жоспарлы көрсеткішті асыра орындады.
Жекелеген өндірістік бөлімшелерде еңбек өнімділігінің деңгейі ең жоғары көрсеткішке жеткен. Бұл туралы компанияның Басқарма басшысы Руслан Өскенәлі мен Бақылау кеңесінің төрағасы Нұрмұхамбет Әбдібековтың төрағалығымен өткен кездесуде айтылды. Атқарылған жұмыстар қорытындыланып, негізгі міндеттер айқындалды.
Биыл «Қазақмыста» жұмысшы өлімімен аяқталған оқиға тіркелген жоқ. Өндірістегі жарақаттану деңгейі 35 пайызға қысқарды. Компания басшылығымен ұжымдық қауіпсіздік талаптарының сақталуы қатаң бақылауға алынды. Жаңа жұмысшыларды оқытатын бағдарлама іске қосылды. Ендігі мақсат – компанияның өндірістік қуатын арттырып, өнеркәсіптегі қауіпсіздік деңгейін одан әрі күшейту. Бұл бағытқа биылдың өзінде 380 млн доллар бөлінді.
Саят Бәкіров, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары:
- Шахтапроходка тресіне 110 млн доллар, өндірісті қолдау кеніштер, фабрикалар мен қосалқы кәсіпорындарда техниканы жаңарту және жөндеу жұмыстарына 112 млн доллар кетеді. Бізде басты «Жомарт», «Жыланды» , «Нұрқазған» кенішін дамытуға және Жезқазған өңіріндегі кеніштерде коммуникацияны көшіруге 45 млн доллар және аэрогазды бақылау «Жомарт» кенішіне бөлінді.
«Қазақмыс» шикізат қорын дамыту үшін геологиялық барлау жұмысын екі есе арттырды. Жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін бұрғылау қондырғыларын сатып алды. Сонымен қатар еңбеккерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына ерекше көңіл бөліп отыр. Қызметтік пәтерлер беріліп, балалардың жазғы демалысын ұйымдастырады.
Мақсұт Тәтенов, кенші:
- Жаңадан техника беріп жатыр. Ол біз үшін өте маңызды. Өйткені тұрып қалмау үшін бізге техника керек. Катер, Торолардан 22 дана осы жылы береміз деді. Келесі жылы тағы инвестиция құйып, басқа техникаларды да жаңартады деп ойлаймыз.
Кездесуде компанияның басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі қауіпсіздікті арттыру, өндірісті жаңғырту және еңбек жағдайын жақсарту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасатынын атап өтті.
Авторлары: Елдос Кәкенов, Нұрбол Үздікбаев
Тегтер #Қазақмыс #өндіріс #көрсеткішPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz