RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Қазақстан авиациялық қауіпсіздік бойынша ТОП-20 ел қатарына енді

19.05.2026, 11:09 55

Қазақстанның авиация саласы биыл да тұрақты өсім көрсетіп отыр. Жыл басынан бері қазақстандық әуе компаниялары 4 млн-нан астам жолаушы тасымалдаған. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Министрдің айтуынша, еліміздің авиация саласында қажетті институционалдық база толық қалыптасқан. Қазіргі таңда Қазақстан әуежайларының авиациялық қауіпсіздік деңгейі 95,7%-ды, ал авиакомпаниялардың қауіпсіздік көрсеткіші 82%-ды құрайды.

Осының нәтижесінде Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымы стандарты бойынша авиациялық қауіпсіздігі жоғары әлемнің үздік 20 мемлекетінің қатарына енген.

Өткен жылдың қорытындысында қазақстандық әуе компаниялары 15 млн жолаушы тасымалдаса, әуежайлар 32 млн адамға қызмет көрсетіп, 173 мың тонна жүк өңдеген.

Биылғы алғашқы төрт айда ішкі жолаушылар ағыны тұрақты сақталып, 4 млн адамнан асты. Ал жүк тасымалы көлемі азайған. Министр мұны Таяу Шығыстағы геосаяси жағдаймен байланыстырды.

Оның айтуынша, қазіргі ахуал аптасына шамамен 80 рейстің уақытша тоқтауына себеп болған. Бұл жалпы рейстердің 10%-дан астамын құрайды.

Рейстердің қысқаруы халықаралық жолаушыларға, жүк тасымалына және әуежайлардың жұмысына тікелей әсер етті. Осыған қарамастан, қауіпсіздікті одан әрі арттыру мақсатында Әуе апаттарын тергеу орталығы құрылды, авиациялық әкімшілікке халықаралық деңгейдегі сарапшылар тартылды. ICAO-мен бірлесіп 2050 жылға дейінгі кешенді жоспар әзірленуде, оны осы жылдың соңына дейін қабылдаймыз, — деді министр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz