RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер ашылады

19.05.2026, 12:45 98

Қазақстанда халықаралық әуе қатынасын кеңейту жұмыстары жандана түсті. Елімізден жаңа бағыттар ашу арқылы инвесторлар мен туристер тарту көзделіп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Үкімет басшысы авиация саласын дамыту елдің экономикалық өсімі үшін маңызды екенін атап өтті.

Оның айтуынша, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы стратегиялық жоспарына сәйкес, 2050 жылға қарай әлемде жолаушылар саны жылына 12 миллиардтан асады, ал коммерциялық ұшақтар паркі 2034 жылға қарай екі есеге ұлғаяды.

Осыған байланысты Қазақстан әлемдік авиация жүйесіндегі өз орнын нығайтуы қажет.

Жаңа халықаралық бағыттарды, атап айтқанда Еуропалық одақ елдері мен АҚШ-қа рейстер ашу жұмысын жеделдету қажет. Бұл ретте билет бағасы бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Әсіресе, Астанадан ұшатын халықаралық әуе бағыттарына ерекше назар аударған жөн, — деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар халықаралық маршруттық желіні кеңейтуге басымдық берілді.

Осыған орай Көлік министрлігіне Air Astana компаниясымен бірлесіп, биыл жылдың соңына дейін Астанадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей рейстер ашу тапсырылды.

2027 жылға қарай Астанадан Лондон, Париж, Рим, Вена және басқа да Еуропа қалаларына тікелей әуе қатынастарын іске қосу жоспарланып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz