Атырауда Мұқанғалиевтер отбасының өліміне қатысты марқұмдардың туысы Әдемі Мұқанғалиева істің мән-жайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «24KZ».
Қоғам назарын аударған Мұқанғалиевтер отбасының өліміне қатысты қаза тапқандардың туысы Әдемі Мұқанғалиева бауырының отбасы жоғалғаннан кейін полицияға өзі полицияға өзі хабарласқанын айтты. Оның сөзінше, бауырымен соңғы рет қыркүйек айында кездескен. Кейін телефон арқылы сөйлесіп жүргенімен, қараша айынан бастап ағасының телефонынан басқа адам жазған болуы мүмкін екенін кейін білген.
Әдемі Мұқанғалиева марқұмдардың өте қарапайым әрі еңбекқор жандар болғанын айтып, олардың өзгелерге үнемі көмектесіп жүргенін жеткізді.
Қайғылы оқиғадан кейін айыпталушының туыстары марқұмдардың отбасына келіп, көңіл айтпаған және кешірім сұрамаған.
"Қайғылы жағдайдан кейін бізге ешкім келген жоқ, кешірім де сұрамады. Сұлтанның отбасымен аса араласпайтынбыз, олар тұйық адамдар еді", – деді марқұмның қарындасы.
Сондай ақ, ол Ақбаянның қазіргі уақытта психиатриялық ауруханада жатқанын, онымен кездесуге рұқсат ала алмай жүрген айтты.
"Ақбаян қазір психиатриялық ауруханада. Бізге онымен кездесуге рұқсат бермей отыр. Жақында медициналық мекеменің директорының атына кездесуге рұқсат сұрап арыз жаздым. Қазір жауап күтіп отырмын", – деді Әдемі Мұқанғалиева.
Әдемі Мұқанғалиева Ақбаянның бес баласының қазіргі жағдайына да тоқталды. Оның сөзінше, балалардың бірі балалар үйінде, қалғандары бейімдеу орталығында жүр.
Марқұмның әпкесі соттан әділдік күтетінін айтты. Ол айыпталушыға ең қатаң жаза тағайындалуы керек деп есептейді.
Тегтер #Атырау #Мұқанғалиева #сот процесі #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz