RU
Толық нұсқаға өту

Елде ЖЭО жұмысы тұрақталды

19.05.2026, 15:20 63

Еліміздің энергетикалық кешеніндегі тозу көрсеткіші айтарлықтай төмендеді. Мәселен, электр станцияларының тозу деңгейі - 53, ал жылу желілерінде - 50 пайызға дейін азайған.

Комитет төрағасы Ержан Ертаевтың мәлімдеуінше, ауқымды жаңғырту барысында 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбина күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде станциялардағы ақаулар жиілігі 15 пайызға қысқарып, электр энергиясын өндіру көлемі рекордтық 17 273 мегават деңгейіне жетті. Сонымен қатар бұған дейін бақылауда болған бес бірдей жылу-электр орталығы қауіпті "қызыл" аймақтан шығып, жұмысын тұрақтандырды.

Ержан Ертаев, ҚР Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы:  

- Бүгінде 1,2 мың шақырым электр желісі, 91 қосалқы станса және 505 тарату пункті жөнделді. Жылу желілері бойынша 2026 жылға арналған қайта жаңғырту және жөндеу жоспары 377 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта 170 шақырым жылу желісінде жұмыстар басталып, оның шамамен 3%-ы аяқталды.

Аталған іс-шаралар қорытындысы бойынша

электр станциясындағы негізгі жабдықың тозуы 52%-ға дейін; электр желілерінде – 65,7%-ға дейін;

жылу желілерінде – 48%-ға төмендеу күтілуде.

Алдағы жылыту маусымына отын дайындау мәселесі де басты назарда.Коммуналдық- тұрмыстық сектор мен халықтың көмірге деген қажеттілігі 7,5 млн тонна деңгейінде айқындалды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz