RU
Толық нұсқаға өту
Коллаж: POLITICO.KZ

Сәрсемәлиевтің әйелімен бірге Балиге қалай қашқаны сотта айтылды

19.05.2026, 16:40 112

Атырауда Мұқанғалиевтер отбасы мүшелерін  өлтірді  деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сотта тың  деректер айтылды,  деп хабарлайды «24KZ».

Тергеу мәліметінше, күдікті қылмыстан кейін марқұмдардың мүлкін иемденіп, сол ақшаға шетелге қашқан. 2025 жылғы желтоқсанда Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Өзбекстан арқылы Индонезияға ұшқан.
Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылғы 9 желтоқсанда олар «Қапланбек» бекеті арқылы Өзбекстанға өтіп, кейін Ташкент – Куала-Лумпур – Бали бағытымен Индонезияға барған.

Күдіктілер Бали аралында екі айдан астам уақыт жасырынған. Алайда 2026 жылғы 24 ақпанда Индонезияның көші-қон қызметі визалық режимді бұзғаны үшін екеуін ұстап, кейін Қазақстанға депортациялаған.

Тергеу барысында Сәрсемәлиевтің көрсетуімен Мұнайшы ықшамауданындағы үй ауласынан екі адамның жерленген мәйіті табылған.

Сонымен қатар жоғалған отбасының балалары біраз уақыт Сәрсемәлиевтің анасының қарауында болғаны анықталған.

Айта кетейік, Сұлтан Сәрсемәлиев төрт адамды өлтірді деп айыпталып отыр. Сотта ол кінәсін толық мойындап, тіпті өлім жазасына да дайын екенін айтқан.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz