Түркістан облысында полицейлер автокөлік дөңгелектерінің қалдығын заңсыз тастаған тұлғаларды анықтады, деп хабарлайды «24KZ».
Қызылорда тас жолы бойында орналасқан көлік желімдеу орталығының жұмысшылары белгіленбеген орынға шамамен 1,5 тонна автокөлік дөңгелектерінің қалдығын тастаған, –делінген хабрламада.
Сондай-ақ Тәуке хан даңғылы бойында рұқсат етілмеген жерге құрылыс қалдықтарын төккен тұрғын белгілі болды. Аталған деректер тәртіп сақшыларының бейнежетонына тіркелген.
Аталған құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғаларға абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қолданылды.
Тәртіп сақшылары қала тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және белгіленген талаптарды қатаң ұстануға шақырады.
Тегтер #Түркістан облысы #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz