Шымкентте балаларын аяусыз ұрып-соғып, қорлық көрсеткен әйел 5 жылға сотталды.
Сот отырысында жантүршігерлік жайттар ашылды. Анасы балаларын жай ғана ұрып-соғып қоймай, қыздырылған шанышқы мен үтік басып, денесін күйдірген. Тіпті қыста өзен суына түсіріп, тұншықтырғаны расталған. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, балаларынан кешірім сұрады және болған іске өкінетінін жеткізді. Алайда сот үкімімен келіспеді. Үкім заңдық күшіне әлі енген жоқ.
Алтын Білтебай, қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы:
- Балаларын қинап, аса қатыгездікпен қорлау жасап, зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Оларға тән азабын және психикалық зардап шегуге ұшыратқан. Сот осы әрекеттерінің бәрін өз дәлелін тапты деп есептейді. Сондықтан сот оған бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындау қажет деп тапты.
Тегтер #Шымкент #балалар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz