RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте ₸43,3 млрд заң бұзушылығы әшкереленді

19.05.2026, 19:21 87

Шымкентте денсаулық сақтау, спорт және мәдениет саласы қызметкерлеріне еңбекақы негізсіз артығымен аударылған.

Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу рәсімінде өрескел қателіктерге жол беріліп, атқарылмаған құрылыс жұмыстарына ақша төленген. Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бюджет қаражатын жұмсауға қатысты 43 миллиардтан астам теңгеге заң бұзушылықтарды әшкереледі. Осыған байланысты 9 лауазымды тұлға тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Істің мән-жайына құқықтық баға беру үшін аудит материалдары құзырлы органдарға жолданды.

Бақберген Құралбаев, ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары:

- Қаржылық бұзушылықтар 14,3 млрд теңге. Оның ішінде бюджетке өтелуге жататыны 203,7 млн теңге. Құрылыс жұмыстары мен орындалмаған жұмыстар бойынша қалпына келтіруге 13,4 млрд теңге. Бухгалтерлік есепке алу жолымен қалпына келтіруге 674,5 млн теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 29 млрд теңге. Оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасы бойынша жіберілген бұзушылықтар сомасы 28,9 млрд.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz