RU
Толық нұсқаға өту

ЖИ-дің еңбек нарығына әсері

19.05.2026, 19:46 94

Жасанды интеллект салдарынан елімізде алдағы 10 жылда 400 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай ақпарат таратты. Бұған қоса, 14 мамандық мүлде жойылып кету алдында тұр. Жаһандық үдеріске біздің экономика дайын ба? Сарапшылар не дейді?  

Жалпы жасанды жады адам күшін алмастыра ма деген сауал төңірегінде тартыс бұрыннан бар. Десек те, әлгінде ғана біздің министрлік он жылда жасанды зерде 400 мың адамды жұмыссыз қалдыратынын мәлімдеді. Бұл нақты есеп.

Бүгінде елде шамамен 9,8 млн адам жұмыспен қамтылған. 400 мың адамның жұмыстан қысқаруы - елдегі жалпы жұмыспен қамтудың 4 пайызын құрамақ. Ал бұл еңбек нарығы үшін айтарлықтай шығын. Осы ретте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев алдағы 3-4 жыл көлемінде мүлде жойылу қаупі бар 14 мамандық түрін атады. Олар: мәтін теруші, корректор, стенографист, колл-орталық қызметкері, байланыс операторы және тағы басқалар. Қазір бұл салаларда 50 мыңға жуық адам қызмет атқарады. 

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ:  9,8 МЛН АДАМ

ҚЫСҚАРАДЫ: 10 ЖЫЛДА 400 МЫҢ АДАМ         БҰЛ ЖАЛПЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ 4%

2030 Ж ҚАРАЙ 14 МАМАНДЫҚ ЖОЙЫЛУЫ МҮМКІН

ҚАЗІР БҰЛ САЛАЛАРДА 50 МЫҢ АДАМ ЕҢБЕК ЕТЕДІ

ЦИТАТА: 

Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 

"Бүгінгі таңда еңбек нарығы бір уақытта бірнеше қуатты факторлардың әсерінде тұр: бұл жасанды интеллект, автоматтандыру, цифрлық платформалар және дағдылар жүйесінің қарқынды жаңаруы. Мұндай жағдайда мемлекет, жұмыс берушілер мен азаматтар озық әрекет етуі қажет". 

Министрдің айтуынша, еңбек нарығы жасанды интеллект және цифрлық технологиялардың әсерінен үлкен трансформацияны бастан кешіп жатыр. Сондықтан мемлекет, бизнес пен бұқара осы өзгерістерге тез арада бейімделуі қажет. Тіпті 2030 жылға қарай Жасанды Жадының әсері әрбір екінші мамандыққа қатысты болмақ. Осыған орай, алдағы уақытта 46 мамандық бойынша қызметкерлердің күрт қысқаруы күтілуде. Олардың қатарында кеңсе қызметкерлері, есепшілер, несие сарапшылары және кассирлер бар. Бұдан бөлек, кәсіптің 44 пайызы мүлде жаңа бағытта дамуы тиіс болады. Бір сөзбен, бірқатар мамандықтың мазмұнын түбегейлі өзгеріп, салада жаңа ережелер қалыптасады. 

Мұхтар Төлеу, ҚР Еңбек және ХӘҚ министрлігі халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры:

- Қазіргі таңда мәтіндерді енгізушілер, әртүрлі есептерді, алгортимдерді жүзеге асыратын мамандықтар ЖИ-дің әсерінен жойылуына әкеп соғуы мүмкін. Ол азаматтарды басқа да кәсіп түрлеріне үйрету бойынша жұмыс жүргізілетін болады. 2028 жылға дейін 9 мыңнан аса жұмысшы. Ол жерде өңдеушілер әлгінде айтып өткен, мәтін өңдеушілер, корректорлар. Бүгінгі күннің өзінде Еңбек биржасы порталында 100 мыңға жуық адам Еңбек Скилс бойынша оқудан өтті. Осы жерде де тегін курстар жүзеге асырылады.  

Бұған  Жасанды интеллекті  қаупі деп қарасақ, таяқтың екінші ұшы барын ұмытпаған жөн, дейді ведомство өкілдері. Өйткені технология мен экономика тоғысында еңбек нарығында жаңа мамандықтар пайда болады. Олар жасанды интеллект модельдерінің тренері, AI-қауіпсіздік маманы, деректер инженеррі, AI-дизайнері. Дәл осы секілді 33 қызмет түріне соңғы кездері әлем бойынша сұраныс күрт артқан. Бұл бір жағынан еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, қосымша 100 мың жұмыс орнының құрылуына түрткі болмақ.

Еңбек нарығында 33 жаңа мамандық пайда болады

ЖИ модельдерінің тренері, AI-қауіпсіздік маманы, Деректер инженері, AI-дизайнері

                 Қосымша 100 мың жұмыс орыны ашылады     

Бекнұр Қисықов, экономист:

- Қазір автоматическая сборка дейді ғой. Көліктерді шығару тб. Ол жерде барлығы робот болып кеткен. Оның барлығын адамдар қолмен істейтін. Олардың барлығы қазір жұмыссыз қалады. Оларға негізі жұмыс табылмайды. Шындықты айту керек. Егер ЖИ операторы десек, білімі бар айти маман істей алады. Ал слесарь, монтер сондай мамандар ЖИ білмейді. Олар не істейді? Сондықтан дүние жүзінде АҚШ-та, Еуропада, дамыған елдерде базовый жалақы енгізу бойынша ұсыныс беріліп жатыр.  

2030 жылға қарай жасанды интеллектінің әлемдік экономикаға қосатын үлесі 15 триллион доллардан асады. PwC халықаралық аудиторлық компаниялар желісінің дерегі осындай. Иә, жаһандық үдерістен Қазақстан да қалыс қалмақ емес. Керісінше, бұл  еңбек өнімділігін арттырудың маңызды факторы дейді сарапшы. Өтйкені нейрожелі операциялық шығындарды азайтып, жұмыс қарқынын жылдамдатуға, сондай-ақ талдау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Ол әсіресе банк, логистика, тау-кен өнеркәсібі, сауда және мемлекеттік басқару салалары үшін тиімді.    

Бекнұр Қисықов, экономист:

- Қазір заман тез өзгеріп жатыр. Жылдан жылға мамандықтар шығып жатыр. Ескі мамандықтар кетіп жатыр. Мысалы, баяғыда телефонист деген маман болды. Қазір ол жоқ. Сондықтан автоматикалық жұмыс болса, ЖИ орнын басып кетуі мүмкін. Мен өзім кітап шығарамын. Сол кітап шығарғанда маған редактор керек. Корректор керек. Ол қиын әрі қымбат жұмыс. Корректор, редактор және дизайнер. Сол үш маманның орнын босаттым деп айтуға болады. Өтйкені олның орнына ЖИ көмектесті. Мен осы үш адамға ақша төлемеймін. 

Жасанды интеллект технология әлеміндегі кезекті бір қадам ғана емес, еңбек нарығындағы жаңа бір дәуір секілді. Сондықтан адам осы машиналардың тілін жедел меңгеріп, олардың мүмкіндіктерін өз дағдыларымен ұштастыра алуы маңызды.   

Назерке Тоқжан

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz